Жақында қостанайлық зейнеткердің шоты жабылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәселеге қатысты сала мамандары түсінік берді. Яғни, егер ақша үш ай бойы алынбаса, зейнетақы төлемдері шынымен де тоқтатылуы және шот автоматты түрде жабылуы мүмкін екенін растады. Алайда, "ақшамнан айырылдым" деп уайымдаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда зейнетақыны қайтарудың заңды әрі нақты жолдары бар.