Қала инфрақұрылымы – басты назарда. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайдағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігерлік ұйым өкілдерімен кездесіп, ірі жобалардың орындалу барысын тексерді. Айта кетейік, биыл қаланың жол жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 9 млрдтан астам қаражат бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.