«КМ марафон». Осындай атаумен Жітіқара қаласында бұқаралық спорттан марафондық жүгіру болды. Қостанай минералдары акционерлік қоғамының 59 жылдығына   орайластырылған желаяқтар жарысына әртүрлі жастағы 1000-нан астам адам қатысты. Өңірдің барлық аудандары мен республикалық маңызы бар қалалардан келген атлеттер өзара бақ сынасты. Спортшылар 3, 10, 21 және 59 шақырым арақашықтықты жүгіріп өтті.