Ауыл кеші көңілді. «Өнеріміз саған, Қазақстан» көркемөнерпаздар фестивалі мәдениет майталмандарының мекені Меңдіқара мен Ұзынкөл аудандарында жалғасты. Көркемөнерпаздар жергілікті тұрғындар мен қонақтарға әртүрлі жанрдағы орындауларын ұсынды. Қос өлкедегі өнер ұжымдарының беделі биік, әлеуеті де әлді. Оған түрлі тартыстарда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуі нақты айғақ. Екі аудан дүйім жұртты қандай өнерлерімен таңқалдырды?