19 қазан - құтқарушылардың кәсіби мерекесі. 2008 жылдан бастап Құтқарушылар күні Қазақстанда кәсіби мерекелер тізіміне енгізіліп, жыл сайын осы күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Қостанайда Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен «Құтқарушылар аллеясы» ашылды.