Халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Ел Президентінің барлық бастамалары осыған бағытталуда. Бұл туралы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары айтты. Халық қалаулары бірқатар  нысандарды аралап, Тобыл өңірінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысын өткізді. Депутаттар ауылшаруашылық саласына мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау тетіктеріне тоқталды.