Облыс әкімі жұмыс сапарымен Сарыкөлге барды. Ауыл тұрғындарына 9 айдың қорытындысын баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Кездесу барысында халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, тиісті органдарға тапсырма берді. Сауалдар кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әрбірі бақылауында болатынын жеткізді.