Жітіқара ауданында ауыл-аймақ ажарланып, елді мекендердің еңсесі көтерілуде. Жаңа нысан Пригородный ауылында іске қосылды. Нысанның ашылуы Республика күніне орайластырылды. Мәдениет үйінің жабдықталуына «Комаров тау-кен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік көрсетіп, ашылу салтанатына да қолдау білдірді.