Ауылдың дамуы оның жолдарымен тікелей байланысты. Осы орайда Қостанай ауданына қарасты бірқатар елді мекенде асфальт жабындысын ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталуда. Көп жыл бойы күрделі жөндеуді қажет еткен бірнеше көше қазіргі таңда өзгерген.  Көлік жолдары ыңғайлы әрі қозғалыс кезінде қауіпсіз. Мысал үшін, Жамбыл ауылында биыл он үш көшенің үшеуі жөнделді. Алдағы жылы тағы тоғыз көшені қалпына келтіру көзделуде.