Жыл басынан бері Қостанайда 200-ден астам есірткі қылмысының жолы кесілді.
Оның жартысына жуығы синтетикалық есірткі түрлерімен байланысты. Полицейлер, оған әсіресе жасөспірімдердің әуестігі артқанын айтып, дабыл қағуда. Күн тәртібіндегі өзекті тақырыптың бірі – есірткімен күреске еріктілер де атсалысып жүр.