«Таза Қазақстан» аясында өңірде жаппай сенбіліктер жалғасып жатыр. Науқанға ауыл тұрғындарымен қатар, мұғалімдер, оқушылар да белсене атсалысуда. Осы ретте еріктілер де әдеттегідей акцияға үн қосып, Октябрь ауылдық округіндегі орманды күл-қоқыстан арылтып, абаттандырды. Спандияр Көбеев атындағы орта мектептің 50-ге жуық оқушысы орманшылардың төл мерекелеріне орай тарту жасады.