Жітіқара ауданы спорттың қай түрінен болмасын алдыңғы қатарда. Оған дәлел елді мекенде жыл сайын өткізіліп тұратын республикалық еркін және әйелдер күресінен жарыс. Биылғы жарыс кеңес Одағының батыры Егор Хачинді еске алуға арналған аудан әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылды. Сайыс 53-шы жыл қатарынан өткізіліп келеді.