Қостанай облысына қысқы жылыту маусымынан қысылмай шығу үшін 522 мың тонна көмір қажет болса, қазір қорда тек 77 пайызы ғана бар. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Жылу қазандықтарын жөндеу үшін 3 млрд теңгедей қаржы уақтылы бөлінсе де, қауіп-қатердің алдын алып, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы тапсырма кейбір аудандарда аяқсыз қалған.