Жасыл желегімізді молайтып, келер ұрпақтың кәдесіне жарату. Бұл, орманшы Дәурен Қаратаевтың өмірлік ұстанымы. Жыл сайын қазан айының 3-ші жексенбісінде орман шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі. Еліміз бойынша 122 орман шаруашылығы, 40 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Оны 17 мыңнан астам орманшы қызғыштай қорып жүр. Солардың бірі Дәурен Қаратаев жайлы тілшіміз әңгімелейді.