Мемлекет басшысы алдағы 5 жылдың ішінде ел бойынша кемі  дегенде 90 мың орындық жатақхана орны салынуы тиіс деген болатын. Президент тапсырмасына сәйкес бұл бағытта облыста ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Қостанайда студенттер үйі пайдалануға берілді. Жатақхана барлық қажетті техника, жиһазбен жабдықталған.