Қостанай облысында дәнді - дақылдардың 40 пайыздан астамы жиналды. Бүгінгі таңда 2 млн гектарға жуық алқаптың дәнді дақылдары бастырылған. Күзгі жиын терімде астықты өңірдің оңтүстік аймақтары көш бастап тұр. Ауа райы қолайлы болса, диқандар биыл мол өнімге қол жеткізуге үмітті. Пайымдауларынша, өңір бойынша 5 млн тоннаға жуық астық қамбаға құйылуы тиіс.