Шет жайлап, қашық орналасқанмен, оңтүстік өңірлердің тыныс-тіршілігі жоғары деңгейде. Мәселен, Жанкелдин ауданының орталығында жүзеге асып жатқан абаттандыру іс-шаралары жергілікті жұрттың да, келген қонақтардың да көзін қуантып, көңілін семірткендей  сипатта. Қарт Торғай болғанымен, жас балаша түлеп келе жатқан өлкенің инфрақұрылымдық бағыты бас бармақпен бағаланады.