Әлеуметтік желілерде Тобыл қаласында салынып жатқан бөгет үлкен су ағынына төтеп бере алмайды деген ақпарат тарады. Жөндеу жұмыстарына көпшіліктің көңілі толмайды екен. Халық жасалып жатқан жаңа қақпалар судың қысымына төтеп бере алмай, тағы да үйіміз судын астында қалады деп қорқады. Тұрғындардың алаңдауы дұрыс па? Сала мамандары мен жауаптылар не дейді?