Білім беру сапасын арттыруға бағытталған Республикалық «943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасының бірінші ағымына Қостанай облысынан 15 мектеп қатысады. Олардың дайындықтарын тексеру мақсатында өңірлік кеңес құрылды. Арнайы топ облыстағы 9 мектепті аралап, кемшіліктерді айқындады. 294 педагог біліктіліктті арттыру курсынан өтті.