Жыл басынан бері елімізде көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлағаны туралы 180 хабарлама келіп түскен. 22 бала көз жұмған. Қостанай облысында да жағдай алаңдарлық. Биыл осындай 15 жағдай тіркеліп отыр. Төтеншеліктер жүйелі түрде  алдын алу шараларын өткізуде.