Қостанайлықтардың коммуналдық қызмет үшін берешектері көбейген. Қала бойынша 8 мың тұтынушы суық суға төлем жасамай отыр. Олардың қарызы 27 миллион теңгеге жеткен. Бұл, «Қостанай-су» мекемесінің кезекті рейдке шығуына түрткі болды. Бірнеше рет жасалған ескертуді елемеген борышкерлер салқын судан ажыратылуда.