Қостанай облысында экономиканың дамуын жыл сайын 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету бойынша жүктелген Президент тапсырмасы ойдағыдай орындалып жатыр. Барлық салада өсім байқалады. Биыл Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемі 75 пайызға артты. Инвестициялық жобалардың да әлеуеті жоғары. Өңір басшысының төрағалығымен өткен жиын барысында облыстың соңғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы сараланды.