Облыс орталығында индустрияландыру картасы аясында қолға алынған жобалар нәтижелі. Экономиканың шикізаттық емес секторы өсіп, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 54 пайызға артқан. Сол сияқты жыл басынан бері инвестиция көлемі 124 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы «Аманат» партиясы бақылау комиссиясының кезекті отырысында мәлім етілді.