Қостанайда мұқтаж жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 10 орталық бар. Онда екі мыңнан астам адам есепте тұр. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті бұл мекемелерге тексеріс жұмыстарын жиі ұйымдастырады. Былтырдың өзінде жоспардан тыс 6 профилактикалық бақылау жүргізіліп, 61-ге жуық құқық бұзушылық анықталған. Оларға қандай шара қолданылды? Жалпы, облыста халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады?