Қазақстанда Атом электр станциясының құрылысы – болашақтың энергиясына жасалған үлкен қадам. Бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, озық технологияларды енгізудің бірден-бір жолы. АЭС – тек энергия көзі ғана емес, бұл – жоғары білімді мамандардың, заманауи инновациялардың және қауіпсіздік стандарттарының үйлесімі. Бұндай пікірді өңірлік Ахмет Байтұрсынұлы университеті машина жасау кафедрасының профессоры Аяп Құрманов білдірді.