Қостанай облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері акция өткізді. Рейдке 400-ден астам еріктілер де атсалысты. Олар қаладағы үйлер мен ғимараттардың қабырғасындағы улы затты жарнамалайтын жазбаларды анықтап, 100-ге жуығы өшірілді.