Қостанай облысында полиция жол қауіпсіздік ережесін бұзушыларды дрон арқылы анықтап жатыр. Ведомстволық өзара іс-қимыл шеңберінде прокуратура, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен полицейлер апатты-қауіпті учаскелер саны көп республикалық автожолдарда бірлескен жобаны сынақтан өткізді.