Соңғы жылдары өңірде ірі қара малдың бруцеллез дертіне шалдығу деңгейі біршама төмендеді. Бұл вакцинациялау шараларының тиянақты жүргізілуі мен шаруа қожалықтарында атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесі. Ветеринария басқармасындағылар осылай деп отыр. Алайда, төл күтімі үнемі бақылауда болуы тиіс. Бұл, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.