Негізгі капиталға инвестиция тартып, экономиканы әртараптандыру. Биыл Лисаков қаласында 1,4 млрд теңгеге бірнеше ірі жоба жүзеге асырылады. 176 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазір мұнда орталығында спорттық – ойын сауықтыру саябағының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, жақын арада кремний карбиді зауыты ашылады. Бұл жайында қала әкімі Абай Ибраев баяндады.