Қостанайлықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысып жатыр. Бүгін мәслихат депутаттары бастап, жастар қостаған іс-шара облыс орталығындағы қалалық жағажайда жалғасты. Көпшілік серуендейтін демалыс орнын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғау - ортақ парыз, деп ұрандатты.