Дәстүр бойынша, жаз құлпынаймен басталып, қарбызбен аяқталады. Алайда, қала дүкендерінде қарбыз қазірден көзге ұшырасады. Бақша өнімдерін тұтынуға әлі ерте. Өйткені, олардың құрамында нитрат мөлшері көп. Ол ішек ауруларын тудыруы мүмкін. Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары осылай дейді.