Дүниежүзілік обыр ауруына қарсы күрес күніне орай Қостанайдағы екінші емханада ашық есік күндері өтіп жатыр. Мамандардың мәліметінше, жыл сайын өңірде жүздеген адам қатерлі ісіктен көз жұмады екен. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды өз денсаулығына бей-жай қарамай, салауатты өмір салтын ұстанып, уақтылы     тексерістен өтуге шақырады.