Тіс ауырса, алып ұшып ақылы емханаларға жүгіретіндер бар. Оны емдетудің қай түрі болмасын қалтаға салмақ салатыны айтпаса да түсінікті. Алайда қазір белгілі бір санаттағы адамдарға стоматологиялық қызметтер тегін.  Мемлекет есебінен жеңілдік алған адамдарға бұл ем-шараның барлығы МӘМС аясында ақысыз жасалады. Жарымжан бала өсіріп отырған жұмыссыз жандар да осы көмекті тегін ала алады дейді мамандар. Ал, шұғыл стоматологиялық көмекті:

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- жүкті әйелдер;

- ҰОС қатысушылары;

- 1,2,3 және 4 топтағы мүгедектер;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналар;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

- зейнеткерлер (жасы бойынша);

                                                                                                              
Сақтандыру енгізілгенге дейін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында биылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттары, дәлірек айтқанда, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер амбулатория деңгейіндегі стоматологиялық көмекті сақтандыру пакеті арқылы ала алады. Олар - тісті жансыздандыру, пломба салу, терапевтің қабылдауы сынды қызметтер.

Сондай-ақ, тісті жұлдыру, тіл мен ерін жүгеншігіндегі ақауды жою, жақты рентгенге түсіру, анестезия сынды қызметтер де осы пакет шеңберінде көрсетіледі. Ал, шұғыл стоматологиялық көмек бұрынғыша мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қалдырылды. Жақ-бет сүйегі ақауымен туған нәрестелерге арналған ортодонтиялық көмек түрлері де мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілмек.