Қалалық прокуратурада өткен брифингте өңірдегі экологиялық ахуал, қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық жағдай талқыланды. Жиында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы, табиғат қорғау саласында анықталған заңсыз әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.