Жалақының кешіктірілуі, заңсыз жұмыстан шығару, өндірістегі жазатайым оқиғалар. Осы аталғандар  - еңбек қатынастарына қатысты жиі көтерілетін мәселелер тізімі. Өіңірлік еңбек инспекциясы департаменті биылғы жартыжылдықтың жұмыс қорытындысын жариялап, еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік қауіпсіздік және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы ахуалды саралады.