Қолданыстағы заңнамаға сай есептеу құралдары орнатылмаған тұрғын үйлерде жылу ақысы қайта есептеліп, артық төленген қаражат тұтынушыларға қайтарылады. Биыл Қостанай облысында осындай қайта есептеу нәтижесінде тұрғындарға қосымша құн салығымен қоса есептегенде 25,7 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті хабарлады.