Қостанайда Орталық өңірлік қолбасшылықтың 24-ші спартакиадасы жалғасуда. Дәстүрлі түрде өтетін бұл ауқымды спорттық шара биыл волейбол сайысымен басталды. Жарысқа әр өңірден келген 7 команда қатысып, 50-ге жуық әскери қызметкер өзара мықтыны анықтауда.