Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған «Заң мен тәртіп» бойынша өңірде ауқымды істер атқарылып жатыр. Бұған Көлік прокуратурасы мен желілік полиция қызметкерлері де атсалысуда. Олар теміржол вокзалында жолаушыларға заң талаптарын түсіндірді. Мақсат - құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.