Соңғы жылдары өңірде орман шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Материалдық-техникалық базаның жаңаруы мен сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайының жақсаруы - атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Осы бағыттағы шаруаларды ширата түсу үшін орман шаруашылығы қызметкерлеріне облыс әкімі арнайы техникалар мен көліктердің кілтін табыстады.