Отандық ет өндірісін жаңа сапалық деңгейге көтеру. Өнімділікті және сапаны арттыру, өңдеуді дамытып, экспорттық әлеуетті күшейту. Елімізде мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруаларды қолдау күшейді. Асыл тұқымды мал басын сатып алуға, шаруашылықты жем-шөпке қажетті техникамен жабдықтауға, сондай-ақ, жайылымдық жерді жақсартуға 5-6 пайызбен жеңілдетілген несие беру жоспарланып жатыр.