Қостанай облысында есепте тұрған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған «ЖұмысLive» акциясы өтті. Бұл бастама жұмысқа орналасуға ғана емес, әлеуметтік, тұрмыстық және құқықтық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Облыстық құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жоба қайталанатын және рецидивтік қылмыстардың алдын алуға септігін тигізеді.