Наурыз айынан бастап «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл – баспаналы болуды көптен армандап жүрген жандар үшін нақты мүмкіндік. Бағдарламаға қатысудың негізгі шарттарының бірі – соңғы бес жыл ішінде жеке тұрғын үйдің болмауы тиіс. Ал Отбасы банкінде қаражат жинауды бүгіннен бастауға болады.