Елімізде интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Президент Бас прокуратура жиынында дәл осындай мәлімдеме жасаған еді. Қашықтан қалтаға қол сұғатындардың арбауына түспеу үшін азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет, деді мемлекет басшысы. Иа, соңғы айларда шаһарда да киберқылмыс мәселесі өршіп тұр. Биыл Қостанайда интернеттегі алаяқтық дерегі 30 %-ға көбейген.