Облыс орталығында баспана құрылысы қарқынды. Былтырдың өзінде шаһарда 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бүгінде жайлы қонысты инженерлік желілерге қосу жұмыстары жалғасуда. Абаттандыру шаралары мен инфрақұрылымды дамыту да жолға қойылды. Осы және өзге де ақпарат қала әкімінің төралығымен өткен жиында айтылды.