Өткен жылы облыс төңірегіндегі ауылдық округтерде 205 құқықтық кабинет ашылған. Ондағы мақсат - заң мен тәртіп қағидаттарын орындау. Сондай-ақ, мемлекеттік заң көмегі аясында 15 мыңнан астам азаматқа тегін құқықтық көмек берілді. Бұл жайлы әділет департаментінің жылдық қорытынды отырысында айтылды.