Жастарды заман талабына сай сапалы тәрбиелеу үшін бәсекені қалыптастыру керек. Қостанайда алғашқы рет дрон-рейсинг пен авиамодельдеу бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының іріктеу кезеңі өтті. Байқау жас инженерлерді, мектеп оқушыларын және ҚР ІІМ академиясының курсанттарын біріктірді.