Биыл Қостанайда тағы екі мектеп пайдалануға беріледі. Бірі «Қонай» шағын ауданында бой көтерсе, енді бірінің құрылысы «Береке» шағын ауданында жүріп жатыр. Осылайша, шаһарда оқушы орны тапшылығы 34 пайызға азаяды. Облыс әкімінің орынбасары қостанайлық білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.