Таза Қазақстан – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Ал, Таза Қазақстан Әділеттің, Заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуға тиіс. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында айтқан сөзі. Бұл құндылықтар адам бойына жанұя мен білім ошақтары арқылы дариды. Тазалық тәртіпті күшейтеді. Ал тәртіп жауапкершілікті арттырады.