Қостанай облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты үсік шалу қаупі артты. Бүгінге дейін 40-тан астам адам жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Синоптиктердің мәліметінше, өңірде алдағы күндері қатты аяз бен жел сақталады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайда далада ұзақ уақыт жүру адам денсаулығына қауіпті. Мамандар тұрғындарды жылы киініп, суықта ұзақ жүрмеуге, ал үсік белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.