Даланың дүбірі, желмен жарысқан тұяқ үні, еркіндікті аңсаған рух. Көркемсурет галереясында ұлттық болмыс пен көркем өнер бір арнаға тоғысты. Қостанайлық суретші жылқы жылына арналған жаңа туындыларын көрерменге ұсынды. Вадим Быков қылқалам арқылы жылқының мінезін, қуатын, сұлулығын шебер жеткізе білген.